Лента новостей
0

Ақтөбелік азамат соттан әділдік тапты

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.03.2019 16:31 Фото: zakon.kz

Ақтөбелік азамат соттан әділдік тапты.

 

«Батамен ел көгереді» демекші, ел батасы мен оның алғысына бөлену сот қауымы үшін аса маңызды. Осындай ізгілікке бөленген жандардың алғыс хаттары лек-легімен соттардың хат қоржынына түсіп, толас¬тар емес.

Соның бірі - Ақтөбе қаласының тұрғыны, сот үкімімен ақталған азаматтың қорғаушысы Оксана Голубевадан келіп түскен хатты ерекше атап өту орынды. Сотқа деген сенімдері нығайып, жүздерін күлкі, жүректерін қуаныш кернеген жандардың хаты алғысқа толы.

Басына іс түсіп, тағдыры тәлкекке ұшыраған жандар араша күтеді. Ол арашаны өзге біреуден емес, соттан іздейді.

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қылмыстық Кодекстің 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен, бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырғаны үшін айыпталған Нариман Есенамановқа қатысты қылмыстық іс қаралып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы іс құжаттарын терең зерделей отырып, Есенамановты ақтап, бұл қылмыстық оқиғаға нүкте қойып, ақ-қарасын айырып берген.

Міне, осыған байланыс¬ты аталған Алғыс хатта жоғарыдағы ақталған азаматтың қорғаушысы сот жүйесінде әділдік салтанат құрып, ақиқаттың ақ туын желбіреткен ақтау үкімін шығарған судьялар Қайырбек Елемесов, Рахила Мұхамбетқалиева және Гүлжан Әжіғалиеваға ризашылығын білдіре отырып, қылмыстық істі жан-жақты және объективті қарағандарып ерекше атап өтті.

Мұндай хаттар арқылы судьялардың күнделікті күрделі жұмысының өз нәтижесін беріп жатқандығын білуге болады.

 

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: