Лента новостей
0

2019 жыл - сот төрелігінің сапасы жылы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 24.05.2019 18:30 Фото: zakon.kz

2019 жыл - сот төрелігінің сапасы жылы

 

Қазіргі таңда еліміздегі сот жүйесі жобалық басқарудың талаптарын басшылыққа ала отырып үздіксіз даму үстінде. Қоғамдағы адамдардың талабының жылдан жылға өсуі және экономикалық қатынастардың өзгеруі сот жүйесіне де әсерін тигізіп, жаңа заманның талаптары сот жүйесін сынға алуда. Осыдан келе, соңғы жылдары «халықтың сеніміне қалай ие боламыз» - деген сұрақтың жауабын іздеп, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған көптеген шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Қажманұлы Асанов 2019 жылды - сот төрелігінің сапасы жылы ретінде жариялағаны баршамызға белгілі, осы жылы сот жүйесіне халықтың сенімі артып, оң нәтижеге толы болады деген үміттеміз. Сот саласының соттарда айыптаушылық көзқарасты төмендету, кассацияға қолжетімділікті ұлғайту, сот рәсімдерін оңайлату, татуласу институтын жетілдіру, әкімшілік соттарда құқықтарды қорғауды күшейту, сот актілерінің сапасын арттыру, соттардағы жемқорлықтың алдын алу басым бағыттар болып отыр. Аталған бағыттар бойынша соттың жеті түйіні жобасы аясында және оған дейін де жүйелі жұмыстар атқарылды, дегенмен осы жылы нәтижені еселендіру мақсатында қайтадан күн тәртібіне тұр.

Алдағы уақытта, «Е-СОТ» түйіні электрондық сот төрелігін одан әрі дамытуды көздейді. Қазіргі цифрландыру заманында, азаматтардың арасындағы қарым-қатынас гаджеттерді қолданумен тығыз байланысты болып отырғаны жалпыға мәлім. Осы әлемдік тенденцияны ескере отырып, цифрлық сот төрелігі - адамдар үшін ыңғайлы жағдай жасап, соттар айқын әрі қолжетімді бола түсті. Электрондық сот төрелігінің тиімділігі уақыт пен қаражатты үнемдеуге және қағазбастылықты азайтуға ықпал етуде.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотында 2018 жыл бойынша 85 қылмыстық іс басқа қалалардағы сот процесіне қатысушылармен бейне-конференц байланыс арқылы қаралды, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 4 айда 25-ке дейін жетіп отыр. Мысалыға айтатын болсақ, азамат «Б»-ға қатысты қылмыстық істе Америка Құрама Штаттарындағы куәдан бейне байланыс арқылы жауап алынған болатын.

 Қоғамда сот актісіне қатысты сан алуан пікірлер бар, азаматтар сот залынан сот актісін түсінбей шығатын жағдайлар кездесті, осыдан келе шағымдардың 90%-ға жуығы нақты судьяның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне емес сот актісіне берілетіндігі анықталды. Жоғарғы Сот жүргізген талдауға сәйкес, кейбір сот актілері қарапайым адам тұрмақ судьялардың өзі түсінбейтін шала-құлаш актілер де кездесіп жатты. Сот актісінде көптеген керек емес сөздер, қайталанып жазылған сөздер мен заңның қажеті жоқ баптарына сілтеме жасау сынды қателіктер анықталды. Осыдан келе 2018 жылдың наурыз айында жалпы отырыста Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулы қабылдап, 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап қолданыла бастаған болатын. Үкімді әзірлеу бойынша жаңа тәсілдер енгізіліп, құрылымы мен логикасы жетілдірілді. Сот актілері тараптарға түсінікті болуына баса мән беріліп, судьялар өздерінің актілерін түсіндіре бастады. Есіл ауданының №2 аудандық соты судьялары 2018 жылғы қыркүйек айынан бастап 82, ал 2019 жылғы 4 айда 83 сот үкімдері түсіндірді.

 «Татуласу сотқа дейін және сотта» түйіні бойынша біршама шаралар атқарылды. Ілгеріде қазақ халқында ағайын, әке мен бала, аға мен қарындас және ерлі зайыптылар арасындағы дау-дамайлар отбасы ошақ қасында, ары барғанда ақсақалдар институтымен татуаластыру арқылы шешіліп отырған. Өкінішке орай қазіргі таңда сотта ата-анасы мен балалары арасында, басшы мен қызметкер, ерлі зайыптылардың мүлікті бөлісу секілді даулар көбейіп кеткен. Осы мәселені шешу үшін әлемдік тәжірибеде қолданылып жүрген, медиация институты енгізілген болатын. Әлемдегі дамыған елдерде істердің 25%-ы татуласу арқылы шешіледі. Бұл институт жеті түйіннің ең тиімділерінің бірі деп білемін. Қазіргі таңда, кәсіподақтар федерациясымен, медиаторлармен, әкімдіктермен бірлесіп, әкімдіктердің жанынан татуласу кабинеттері ашылуда, медиаторлардың кабинеттері Есіл аудандық сотында және аудандық полиция басқармасында да ашылған. Мұндағы мақсат, азаматтардың мүмкіндігінше сотқа дейін немесе сотта татуласуына жағдай жасау.

Тек, Есіл ауданының №2 аудандық соты 2018 жылы бойынша медиация тәртібімен татуласу арқылы 129 қылмыстық іс қысқарса, 2019 жылдың 4 айында 32 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылды.

Осы сотта орналасқан «Astana-zangerlik jane mediatsiia ortalygy» қоғамдық бірлестігі 2018 жылы сотқа дейін 96 қылмыстық істі медиация тәртібімен қысқарту жөнінде келісімшарт жасаған, ал 2019 жылғы 4 айда сотқа дейін 35 қылмыстық іс медиация тәртібімен қысқартылған.

Қорытындай келе айтар болсақ, 2019 жылға қойылып отырған жеті басым бағыттың негізгі мақсаты, ол халықтың сотқа деген сенімін арттырып, сот төрелігінің сапасын жақсарту, соттарды заң үстемдігі мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің пәрменді институтына айналдыру және осы шаралар елімізді одан әрі дамытуға және әлемдегі отыз озық елдің қатарына кіруіне бағытталған стратегиялық жоспарды орындауға үлесін тигізетіні сөзсіз.

 

Астана қаласы Есіл ауданының

№2 аудандық сотының төрағасы Б.Ж.Есенов

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: