Лента новостей
0

Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік көмек алудан бас тартылғандарға сотқа жүгінбей алуға мүмкіндік берілді

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 30.05.2020 01:04 Фото: zakon.kz

Төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік көмек алудан бас тартылғандарға сотқа жүгінбей алуға мүмкіндік берілді

 

Баршаңызға мәлім, әлем бойынша пандемия орын алып, короновирус індетінің таралуына байланысты, елімізде ТЖ режимі жарияланған еді.

Президент Қ.Тоқаев осы орайда, ең басты орынға халықтың тұрмыстық жағыдайы төмендеп кетпеудің алдын-алу шараларын қолға алды.

Төтенше жағдай кезеңінде табыс көзінен айырылған тұлғалардың тиісті санаттары бекітіліп, азаматтарға 42 500 теңге әлеуметтік төлем тағайындау туралы Ереже қабылданған болатын.

Алайда, елімізде ТЖ режимінің күші жойылуына байланысты аталған өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Бүгінгі күнге дейін бұл әлеуметтік көмек республика бойынша 4,5 миллионнан астам адамға беріліп, оның ішінде Алматы облысы өңірінің тұрғындары да бар, біршамасына бас тартылғандары да, аз емес.

Айта кетсек, аталған төлемнің бас тартылуына байланысты адамдар соттарға жүгене бастаған болатын, бірақта осындай талаптар қазіргі уақытта сотта қаралуға жатпайды.

Себебі, соттан тыс дауды реттеу тәртібі бар.

Нақтылап айтқанда, 22 мамыр 2020 жылы министрлікпен жоғарыда аталған Ережеге түзетулер енгізілді.

Бұл түзетулерге сәйкес, бұрын әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы қабылданған шешімдерді қайта қарау тәртібі көзделіп, аталған дауларды сотқа дейін реттейтін жұмыс органдары жүзеге асыратын болды.

Сонымен қатар, бұл жергілікті органдардың халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (қалалық) штабтары құрылып, құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктері енгізілді.

Барлықтарыңызға түсінікті болуы үшін, енгізілген түзетулерге нақтырақ тоқталайын:

1) қайта қарау туралы мәселені аудандық штабтар жүзеге асырады;

2) аудандық штабтың оң қорытындысы одан әрі іске асыру үшін тиісті органға жіберіледі;

3) аудандық штабтың теріс қорытындысына 30 күнтізбелік күн ішінде облыстық штабқа шағым жасалуы мүмкін;

4) аудандық штабтың шешімін қайта қарау бойынша облыстық штабтың оң қорытындысы одан әрі іске асыру үшін тиісті органға жіберіледі.

Аталған Ереженің өзінде, әлеуметтік төлем алу, бас тарту туралы шешімдерді қайта қарау, қайта қарау туралы қорытындымен келіспеу туралы өтініштердің үлгілері әзірленді.

Бұл халықты әуре-сарсаңға қалдырмай дауды шешудің оңтайлы жолдары деп есептеймін.

Осыған байланысты, қайта қарау туралы өтініштерді 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін жергілікті органға тапсыруға мүмкіндік берілді.

 

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Досымбет

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: