Сот саласында жүргізіліп жатқан өзгерістер жайында
Соңғы уақытта елімізде жүріліп жатқан сот реформасының атқарылып жатқан жұмыстары сан алуан. Мысалы ретінде атап айтсақ, Соттарда фронт- офистер ашу, «Виртуалды сот» жобасы, бейне-конференц байланыс жүйесі, электрондық цифрлық қолтаңба, «құқықтық қызмет орталығы», және судьялардың жүктемесін азайту жөніндегі жүріліп жатқан нақты шараларды ауыз толтырып айтуға болады. Аудио -бейнежазба арқылы еліміздегі барлық сот залдарында орнатылған қондырғылар арқылы азаматтардың сот төрелігіне деген сенімін арттырып, әрі құқық үстемдігін қамтамасыз етуді көздейді. Елімізде сот жүйесін барынша халыққа ашық және қолжетімді болу және азаматтардың уақытын үнемдеу мақсатында ойластырған заманауи құрылғылармен жабдықталып барлық іс-қағаздар құжат айналымдары электронды форматқа ауысып, жаңғыртылуда. Сот жүйесін цифрландыру бойынша ақпараттық технологиялар енгізіле бастады. Соның бірі «Виртуалды сот» арқылы азаматтар сот отырыстарына мобилді видеоконференц байланысты қолдану арқылы қатыса алатынын ерекше айтып өткен дұрыс деп ойлаймын. Бұл азаматтардың уақыттарын үнемдеуі жұмыста отырып немесе көлікпен келе жатыпта сотқа қатысып, жауап беріп және сұрақтар қоя алатыны, екіншіден ақша қаражатын үнемдеп жол жүрмей-ақ үйінде отырып сот отырысына қатыса алатыны сот жүйесіндегі инновациялық технологиялардың озық жетістігі әрине өте оңтайлы және қолжетімді болуы қуантарлық жай.
Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот жүйесінде болып жатқан инновациялық технологияларды қолдану және цифрландыру аясында бірқатар іс-шаралар жүргізіліп іске асып жатыр, атап айтсақ бірнеше сот отырысы жәбірленушілердің шет мемлекетте тұратынына байланысты TrueConf бағдарламасын PlayMarket және AppStore қосымшалар арқылы өзінің мобилді телефондарына енгізіп сот отырыстарына мобилді видеоконференц байланыс арқылы өткізілді. Осылай қазіргі таңда жүргізіліп жатқан көптеген өзгерістерді қарапайым халықтарға газет журналдар, интернет және әлеуметтік желілер, жарнамалар арқылы насихаттау жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Келеңсіз мән-жайлар орын алмауы үшін жұмыс сапасын арттыру мақсатында IT мамандары да белсене кірісіп жұмыс атқарылуда, «Виртуалды сот» мобилдік бейнебайланысқа шығу үшін интернет желісінің сапасы басты мәселе, сондықтан жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей ат салысып белсене кіріссек жұмыс сапасы артып, жақсара түсетініне нық сеніммен айтуға болады.
Қарағанды облысының
қылмыстық істер жөніндегі
мамандандырылған ауданарлық
сотының кеңсе меңгерушісі Г. Каснай