Ақсу қаласында атыс болып, 19 жастағы жігіт көз жұмды

Zakon.kz
Аталмыш фактінің орын алғаны туралы полиция растап отыр, дегенмен қандай да бір ақпарат ұсынудан бас тартты.

Ақсу қаласында жексенбіге қараған түні болған атыс салдарынан көкірек қуысы жарақаттанған 19 жастағы жігіт қайтыс болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Агенттікке сенімді ақпарат көзі хабарлағандай, қақтығыс Ақсу қаласы мен Май ауданының тұрғындары арасында орын алған. Ақсу қаласы орталықтандырылған аурухананың травматолог-үйлестіруші дәрігері Талғат Темірғалиннің айтуынша, сенбі күні түнгі сағат үшке қарай оқиға орнынан екі жігіт жеткізілген.

- Олардың біреуі ауруханаға жетпестен көз жұмған. Қазіргі таңда жансақтау бөлімінен жарақат бөліміне ауыстырылған 22 жастағы екінші науқастың жағдайы тұрақты. Әзірге бастың ми сүйегі сынған деген күдік бар. Алайда бұл болжам компьютерлік томоргафия жасалғаннан кейін ғана белгілі болады. Әдетте, мұндай жарақатпен түскен жандар 10-12 күннен кейін ауруханадан шығарылады, - деді Т. Темірғалин.

Аталмыш фактінің орын алғаны туралы полиция растап отыр, дегенмен қандай да бір ақпарат ұсынудан бас тартты.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:ibirzha.kz

Читайте также

Следите за новостями zakon.kz в:

Популярные новости

"Разрывает сердце": организация ООН опубликовала обращение Димаша Кудайбергена к миру

Опубликовано штормовое предупреждение на 20 сентября

"Я вас всех порешаю": буйного водителя и пассажира эффектно задержали в Алматы

Мощный приток денег и энергии: кого ждет резкий поворот судьбы в ближайшие дни

Курсы валют в обменниках Астаны и Алматы на 20 сентября