Павлодарлық бірқатар мектептерде оқу жиһазы талапқа сай келмейді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 23.08.2016 19:33 Zakon.kz
Мамандардың пайымдауынша, мектеп партасы балалардың бойы мен дене бітіміне сәйкес келуі тиіс. Бұл – мектеп жиһазына қойылатын негізгі санитарлық-гигиеналық талаптың бірі.

Павлодар облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай 3892 оқу жиһазының өлшемдерін тексерген. Нәтижесінде 137 жабдықтың стандартқа сай келмейтіні анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Өңірлік тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының міндетін атқарушы Гүлнәз Шақарованың айтуынша, тексеру зертханалық бақылау арқылы жүзеге асырылған.

- Білім беру нысандарындағы оқу жиһазының 4,4 пайызы оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай талапқа сай келмейді. Осыған байланысты мектеп басшыларына қатысты әкімшілік шара қабылданды. Сондай-ақ, 16 мектепке барлық стандартқа сай келетін жаңа жиһаз сатып алынды, - деді Гүлнәз Шақарова.

Айта кетерлігі, мамандардың пайымдауынша, мектеп партасы балалардың бойы мен дене бітіміне сәйкес келуі тиіс. Бұл – мектеп жиһазына қойылатын негізгі санитарлық-гигиеналық талаптың бірі. Олай болмаған жағдайда баланың денесі еңкіш тартып, сколиозға әкеліп соғуы мүмкін.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: www.gornovosti.ru

Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: