Астанада әскери қызметшілер 7 мамырда өтетін парадқа дайындалып жатыр
Zakon.kz
Әскери техника ұрыс машиналарының арнайы далалық паркінде орналастырылды.
Астанада 7 мамыр күні әскери парадқа қатысатын парадтық есептоптар мен әскери техниканың жаттықтыруы өтуде. Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған шараның маңыздылығын жете түсіне отырып, әскери қызметшілер күн сайын дайындықтарын пысықтауда. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Парадқа қатысушылардың жаттығулары күн сайын өткізіледі. Сондай-ақ, әскери техниканы жоспарлы тексеру және техникалық қызмет көрсету жүріп жатыр. Еліміздің әртүрлі өңірінен келген әскери қызметшілер палаткалы қалашықта тұрып жатыр.
Әскери техника ұрыс машиналарының арнайы далалық паркінде орналастырылды. Далалық лагерьде жеке құрамға арналған барлық қажетті жағдай жасалған. Атап айтқанда, тұруға арналған палаткалар, медициналық пункттер, тамақтану пункттері және далалық монша.
Далалық қалашықтың аумағында бос уақытты ұйымдастыру үшін жылжымалы ақпараттық кешен өрістетілді. Одан басқа, демалыс күндері әскери қызметшілердің елорданың мәдени нысандары мен көрікті жерлеріне баруы қарастырылған. Астанада өтетін парадқа бір айдан аз уақыт алды.
Тартылатын жеке құрам мен әскери техниканың рекордтық санынан басқа, алдағы өтетін парадтың ерекшеліктерінің бірі алаңда әскери-техникалық мектептердің автомобильді техникасында жүріп өтетін Қазақстан Қарулы Күштері ардагерлерінің, «Жас ұлан» төрт әскери мектеп пен әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері және Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің оқушылары, сондай-ақ, аумақтық қорғаныс бригадалары құрама ротасының қатысуы болып табылады.
Фото: www.mod.gov.kz
Поделиться новостью
Читайте также
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript