Лента новостей
0

Баян Есентаева мен жаңа жұбайы мюзиклге түсіп жатыр

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 02.11.2017 14:50 Zakon.kz
«СиСиТай» деп аталатын жаңа туынды отандық кинематографияда алғашқы мюзикл жанрындағы кино болмақ.
Баян Есентаева мен Тұрсынғали Алагөзов бірінші қазақстандық комедиялық мюзиклға түседі, деп хабарлайды Today.kz.

"Shine Production" компаниясы Қазақстандағы бірінші комедиялық мюзиклдың түсірілім жұмыстарын бастады. Бұл біздің елде әлі қолға алынбаған өте күрделі жанр, біз алғашқы болып бастайық деп шештік. Ұзаққа созылған дайындық жұмыстары жүрді, өйткені мюзиклды түсіру оңай болмай шықты, көптеген фильмді түсіргендіктен, бұл тапсырманы да орындай аламыз деп ойлап едім", - деді Баян Есентаева.

Есентаева фильмнің бас продюсері және басты рөлдердің бірін сомдайды. Оның сүйіктісі, бизнесмен Тұрсынғали Алагөзов мюзиклда эпизодтық рөлде бой көрсетеді.

"Айтпақшы ол да эпизодтық рөлде көрінеді. Бір ай сұрап, көндірдім", - деп күледі Баян Есентаева.

Картинаның жұмыс атауы: "СиСиТай". Продюсер мағынасын түсіндірді.

"Бұл әзірге жұмыс атауы. Сиситай - бас қаһарманның есімі. Біз ойлап таптық. Не үшін олай аталғанын көрермен киноға келгенде түсінеді", - деді Баян Есентаева.

Оның айтуынша, түсірілім алаңында жаңа құрылғылар қолданылуда. Түсірілім жұмыстары бес күн бойы жүріп жатыр.

"Әзірге әр күн сайын жағамызды ұстаудамыз. Нағыз кәсіби мюзиклды түсіру үшін, қазақстандық көрермен "Бұл не тағы?!" деп айтпас үшін біз шын мәнінде кәсіби жұмыс істегіміз келеді. Біз жаңа камераларды, стэдикамдарды қолданудамыз. Түсірілім алаңында үлкен стадионды жарықтандыруға қауқары жететін мол жарық бар", - деді Есентаева.

Картинаны қою жұмыстарымен түрлі елден келген мамандар айналысуда.

"Біз Ресейден қоюшы-хореограф шақырдық, оператор Алехандро Чавесті Мексикадан алдырттық", - деді Есентаева.

Фильм режиссері - Ернар Нұрғалиев. Басты рөлдерде: Баян Есентаева, "КешYOU" тобының бұрынғы мүшесі Кәмшат Жолдыбаева, Айгерім Мергенбаева. Ер адамның бір рөлін "Алау" тобының мүшесі Әсет Арыстанбек сомдайды.

Ұжым картинаны 2018 жылдың наурызында жарыққа шығаруды жоспарлап отыр.

Фото: time.kz
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: