Лента новостей
0

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» Конвенциясы

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 28.11.2017 16:25 Фото: zakon.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» Конвенциясы

 

Қазақстан Республикасының Ата Заңында Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатыны айқын көрсетілген.

Жалпы бүгінгі күні адам баласының құқығын қорғау және құрметтеу бүкіл әлемдік елдерге жүктелген маңызы зор мәселелер қатарында болып отыр. Халықаралық деңгейде азаматтардың құқығын және бостандықтарын қорғау 1919 ж. Халықаралық еңбек ұйымын құрумен Ұлттар Лигасының тиісті Конвенциясын қабылдаумен қаланды. Жеке тұлғаға қатысты басты назар 1945 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрумен басталған, ұйымның басты мақсаттының бірі, нәсілге, жынысқа, тілге және дінге бөлместен адам құқығы мен негізгі бостандықтарына деген құрметтеуді дамыту мен кеңейту, болып табылады. БҰҰ-ның адам құқықтары мен бостандықтары қатысты алпысқа жуық декларациялар мен конвенциялар қабылдады.

Адамзаттың кемсітуге жол бермеу принципін және барлық адамдардың өз қадыр-қасиеттері мен құқықтарының еркіндігі және теңдігі, соның ішінде жынысына қатысты айырмасыз ие болуға байланысты әртүрлі жұмыстарына қарамастан, әйелдерге қатысты кемсітулердің орын алатыны кездесіп тұрады. Аталған жағдайдын алдын алу мақсатында, әйел құқықтары бойынша алғашқы халықаралық әмбебап құжат болып табылатын «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы» Конвенциясын 1979 жыл 18 желтоқсанда қабылдады, онда барлық әйелдерге қатысты және құқықтары мен бостандығына негіз болатын 6 бөлімнен 30 баптан тұрады. Ол әйелдердің құқықтарының қазіргі заманғы тұжырымдаманың негізін салды және оның халықаралық қатынастарда таралуына ықпал етті.

Біздің мемлекет Қазақстан Республикасы Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясын 1998 жылғы 29 маусымда ратификацияланып және осы жылы 25 қыркүйекте күшіне ендген.

Конвенцияның 2 бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер әйелдерге қатысты барлық нысандағы кемсітулерді айыптайды, әйелдерге қатысты кемсітулерді жою саясатын кідіріссіз барлық тиісті тәсілдерімен жүргізуге келіседі және бұл мақсатта мыналарға міндеттенеді: ерлер мен әйелдердің тең құқықтық принципін өз ұлттық конституцияларына немесе басқа да тиісті заңнамасына қосуға, егер де бұл әлі жасалмаса, және заңның және басқа да тиісті құралдардың көмегімен осы принципті жүзеге асыруға; әйелдерге қатысты кез-келген кемсітуге тыйым салатын тиісті заңнамалық және керек жерде санкцияны қоса алғандағы басқа да шараларды қабылдауға; әйелдердің құқықтарын ерлермен тең негізде заңгерлік қорғауды қалыптастыруға және құзырлы ұлттық соттар мен басқа да мемлекеттік мекемелер көмегімен әйелдерді кез-келген кемсіту актісіне қарсы тиімді қорғауды қамтамасыз етуге; әйелдерге қатысты қандай да бір кемсіту актілерін немесе іс-қимылдарын жасаудан қалыс қалуға және мемлекеттік органдар мен мекемелердің осы міндеттемелерге сәйкес әрекет ететін кепілдік беруге; қандай да бір тұлға, ұйым немесе кәсіпорын тарапынан әйелдерге қатысты кемсітуді жоюдың барлық тиісті шараларын қабылдауға; әйелдерге қатысты кемсіту болып табылатын қолданыстағы заңдарды, қаулыларды, әдет-ғұрыптарды және тәжірибені өзгерту немесе жою үшін барлық тиісті шараларды, соның ішінде заңнамалық шараны қабылдауға; өзінің қылмыстық заңнамасының әйелдерге қатысты кемсіту болып табылатын барлық ережелерді жоюға.

Осыған орай, көптеген мемлекеттер Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияны өздерінің ерекшеліктеріне және ескертулермен қабылдады. Атап өту қажет, бір қатар мұсылман мемлекеттері діни нормалардың басымдылығына байланысты, яғни барлық азаматтық және саяси құқықтарды ерлер мен әйелдердің тең қолдануын шариғат заңынан жоғары емес екендігін көрсетті. Ал кейбір мемлекеттерде отбасылық қатынастардағы ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі басқа нормалары елде ислам нормаларына негізделген ұлттық құқыққа қайшы келмеген жағдайда ғана қолданылады деп ескеріп жатты. Осылайша халықаралық құқықпен салыстырғанда ұлттық құқықтың ерекше құзыретін ескеріліп жатты.

Халықаралық шарттың мағынасына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы заңында мынадай анықтама берілген яғни, Қазақстан Республикасының халықаралық шарты деп Қазақстан Республикасы шетелдік мемлекетпен (немесе шетелдік мемлекеттермен) не халықаралық ұйыммен (немесе халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан халықаралық келісімді түсіну керек, мұндай келісім бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжатта жасалғанына, сондай-ақ нақты атауына (мысалы, конвенция, пакт, келісім және т.с.с.) қатыссыз халықаралық құқықпен реттеледі.

Атап өту қажет, БҰҰ-ның халықаралық деңгейде адам құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстары ауқымды екендігі. Аталған ұйымның қазырғы таңда әлемде болып жатқан оқиғаларға және қоғамдық үдерістерге байланысты адам құқықтпрын қорғау мен әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысанын жою, сонымен қатар әйел мен ер азаматтардың теңдігін қамтамасыз ету тұрақтылық, бейбітшілік пен даму үшін маңызды екенін күннен күнге анық болып келеді, осыған орай құжаттарының қағидаларын құқық бұзушылықтарды қарастырып, толығымен жоюға тырысуда.

Қорыта келе, Дана халқымызда «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген аталы сөз бар. Расыменде отбасы тыныштығы бірлігі мен татулығы аяулы аналардың рөлі ерекше.

Адам құқығын қорғау ерте заманда пайда болғаны белгілі, алайда тек Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылғанан кейін ғана адам құқығын қорғау әмбебап құжат қолданысқа енді. Осыған орай барлық ұйымға қатысушы мемлекеттер нәсілге, жынысқа тілге және дінге бөлместен бүкіл адамзаттың құқықтарын құрметтеу халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруда.

 

ШҚО Катонқарағай аудандық сотының жетекші маманы Тоқтарбаева Н.М.

 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: