Лента новостей
0

Сұйытылған көмірсутекті газдарға оларды отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 27.12.2018 18:43 Zakon.kz

Сұйытылған көмірсутекті газдарға оларды отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар

 

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) аумағында Еуразиялық экономикалық одақтың «Сұйытылған көмірсутекті газдарға оларды отын ретінде пайдалану үшін қойылатын талаптар» (TP ЕАЭО 036/2016) техникалық регламенті күшіне енді.

Бұл Техникалық регламент ЕАЭО елдерінде тұрғын үйді және өндірістік үй-жайларды жылыту үшін, сондай-ақ автомобильдерге арналған отын ретінде пайдаланылатын сұйылтылған көмірсутекті газдардың физикалық-химиялық және пайдалану көрсеткіштеріне қойылатын бірыңғай міндетті талаптарды белгілейді.

Техникалық регламент сұйытылған көмірсутек газдарын сақтау, тасымалдау, сату және қайта өңдеу, сондай-ақ оларды таңбалау мәселелерін реттейді.

Техникалық регламент осы процестерді жүзеге асыру кезінде туындайтын негізгі қауіпті факторларды: өрт-жарылыс қауіптілігі, адам ағзасына теріс әсер ету, сондай-ақ қоршаған ортаның ластану тәуекелдерін анықтайды.

Мысалы, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы және өндірістік қажеттіліктерге арналған газдардағы күкіртті сутегінің және меркаптан күкіртінің массалық үлесі 0,013% - дан, ал автокөлікке құюға арналған газдардағы массалық үлесі 0,01% - дан аспауы тиіс. Газдың екі санаты үшін ауаның температурасы 45°С - қа дейін болған кезде, қаныққан булардың қысымы 1,6 МПа - дан аспауы тиіс. Сұйытылған көмірсутекті газдарда бос су мен сілтінің және т. б. болуына жол берілмейді.

Сұйылтылған көмірсутекті газдар - бұл сұйық күйге айналған көмірсутектердің (құрамында метан, этан, этилен және (немесе) пентандар мен пентендер бар пропан, пропилен, бутилендер және бутадиен) қоспасы.

ЕАЭО аумағында айналымға шығарылатын сұйытылған көмірсутек газдарының әрбір партиясы бірқатар мәліметтерді қамтитын сапа паспортымен жолданылуы тиіс. Олардың ішінде - дайындаушының атауы мен тауарлық белгісі, оның мекенжайы мен сұйытылған газдардың өндірілген орны, атауы, маркасы, өнімнің шартты белгісі және т.б. сапа паспорты орыс тілінде және сұйытылған көмірсутек газы өткізілетін елдің мемлекеттік тілінде ресімделеді. Сұйытылған көмірсутекті газдарды тасымалдау кезінде ілеспе құжаттарда қауіпті жүктің сыныбы, шұғыл шаралардың коды туралы ақпарат, қауіптілік белгілері, тірі организмдер үшін өрт-жарылыс қауіптілігі және қауіптілік туралы мәліметтер, залалсыздандыру тәсілдері мен құралдары, от сөндіру құралдары болуға тиіс.

Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау сәйкестікті декларациялау нысанында жүргізіледі. Сынақтар сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханасында жүргізілуі тиіс. Сәйкестік туралы декларацияның ең ұзақ берілу мерзімі - 5 жыл (сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты болған жағдайда).

Техникалық регламентке бірқалыпты өту мақсатында 2019 жылдың 1 шілдесіне дейінгі өтпелі кезең белгіленді. Осы күнге дейін техникалық регламент күшіне енгенге дейін ЕАЭО мүше - мемлекеттің заңнамасында белгіленген сәйкестікті міндетті бағалауға жатпайтын, осындай бағалау туралы құжаттарсыз және нарықтағы айналымның ұлттық белгісімен таңбалаусыз өнімдерді ЕАЭО елдерінде өндіруге және айналымға шығаруға рұқсат етіледі.

Сондай-ақ 2019 жылғы 1 шілдеге дейін өндірушілер техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған сәйкестікті бағалау туралы құжаттар болған кезде, бұрын Одақ заңнамасында немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкес сұйытылған көмірсутек газдарын шығара алады.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы, 83үй, 7 қабат. Байланыс телефоны: 8 (727) 303-88-52, 243-08-22. Электрондық адрес: Е-mail:ktrm_almaty@mail.ru.

 

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қызғарин Құралбек Балтабекұлы

 

 

 

, фото - Новости Zakon.kz от 27.12.2018 18:43

 

 

 

 

 

Требования к сжиженным углеводородным газам для использования их в качестве топлива

 

С 1 января 2018 года на территории Евразийского экономического союза (далее - ЕАЭС) вступил в силу Технический регламент Евразийского экономического союза «Требования к сжиженным углеводородным газам для использования их в качестве топлива» (TP ЕАЭС 036/2016).

Настоящий технический регламент устанавливает единые обязательные для применения в странах ЕАЭС требования к физико-химическим и эксплуатационным показателям сжиженных углеводородных газов, которые используются для отопления жилья и производственных помещений, а также в качестве топлива для автомобилей.

Технический регламент регулирует вопросы хранения, перевозки, реализации и утилизации сжиженных углеводородных газов, а также их маркировки.

Технический регламент определяет основные опасные факторы, возникающие при осуществлении этих процессов: пожаровзрывоопасность, негативные воздействия на организм человека, а также риски загрязнения окружающей среды.

Например, массовая доля сероводорода и меркаптановой серы в газах для коммунально-бытового назначения и производственных нужд не должна превышать 0,013%, в газах для заправки автотранспорта - 0,01%. Давление насыщенных паров при температуре воздуха до 45°С для обеих категорий газа должно быть не больше 1,6 МПа. В сжиженных углеводородных газах не допускается содержание свободной воды и щелочи и т.д.

Сжиженные углеводородные газы это смесь углеводородов (пропана, пропилена, бутанов, бутиленов и бутадиенов с присутствием метана, этана, этилена и (или) пентанов и пентенов), преобразованная в жидкое состояние.

Каждая партия сжиженных углеводородных газов, выпускаемая в обращение на территории ЕАЭС, должна сопровождаться паспортом качества, содержащим ряд сведений. Среди них - наименование и товарный знак изготовителя, его адрес и место, где производятся сжиженные газы, наименование, марка, условное обозначение продукции и т.д. Паспорт качества оформляется на русском языке и на государственном языке страны, где реализуются сжиженные углеводородные газы. При перевозке сжиженных углеводородных газов сопроводительные документы должны содержать информацию о классе опасного груза, коде экстренных мер, знаки опасности, сведения о пожаровзрывоопасности и опасности для живых организмов, способы и средства обезвреживания, огнегасительные средства.

Оценка соответствия требованиям технического регламента проводится в форме декларирования соответствия. Испытания должны проводиться в аккредитованной испытательной лаборатории, внесенной в единый реестр органов по оценке соответствия. Максимальный срок действия декларации о соответствии - 5 лет (при наличии сертификата соответствия системы менеджмента качества).

С целью плавного перехода к техническому регламенту установлен переходный период до 1 июля 2019 года. До этой даты допускаются производство и выпуск в обращение в странах ЕАЭС продукции, не подлежавшей до дня вступления в силу технического регламента обязательной оценке соответствия, установленной законодательством государства - члена ЕАЭС, без документов о такой оценке и без маркировки национальным знаком обращения на рынке.

Также до 1 июля 2019 года производители смогут выпускать сжиженные углеводородные газы согласно обязательным требованиям, ранее установленным союзным законодательством или законодательством государства-члена, при наличии документов об оценке соответствия, выданных или принятых до дня вступления в силу технического регламента.

Более подробную информацию, Вы можете получить в Департаменте Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по г.Алматы.

Наш адрес: г.Алматы, пр.Алтынсарина, 83, 7 этаж. Телефоны: 8 (727) 303-88-52, 243-08-22. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.

 

Государственный инспектор города Алматы по государственному контролю Кызгарин Куралбек Балтабекович

 

 

 

, фото - Новости Zakon.kz от 27.12.2018 18:43

 

 

 

 

 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: