Лента новостей
0

«Брат или брак» комедиясы прокатқа шыққан алғашқы аптада-ақ үздіктер қатарына кірді

Zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 03.11.2017 14:45 Zakon.kz
Фильм прокатқа шыққан алғашқы аптада 86 млн теңгедей қаржы жинақтап үлгеріпті.
Тәуекел Мүсілім басты рөлдердің бірін сомдаған «Брат или брак» комедиясы прокаттағы алғашқы аптада-ақ кассалық табысы бойынша көш бастаған. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz.

Жарнамасы жер жарған «Брат или брак» картинасы, көрермен көңілін алдамаған секілді. Фильм прокатқа шыққан алғашқы аптада 86 млн теңгедей қаржы жинақтап үлгерді. Жұлызды актерлік құрам мен Құралай Анарбекованың сәтті продюсерлігі өз жемісін беруде. Заманауи әзілі, қызықты сюжеті мен келісті кейіпкерлері бар бұл лента, осылайша табыстылар көшін бастап тұр.

Ертегі әлеміне аяқ асты тап болған мәскеулік жігіт Иванның хикаясы да табыстылар сапында. Ресейлік«Последний богатырь» фэнтези туындысы өткен жұмада қоржынын 40 млн теңгеге толтырып, екінші орынға жайғасқан.

Үздік үштікте Джерард Батлер басты рөлді сомдаған «Геошторм» фантастикалық боевигі. Картина бұл бес күндікте 17 млн теңге еншілеген.

Атышулы, «Матильда» қазақстандық топ-5 картинаның қатарына да кірмеген. Ол үлкен экрандардан көрсетілген алғашқы аптадан, бар жоғы 13 млн теңегені қанағат етуде.

Фото: Stan.kz.
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: