Простота получения госуслуг – снижение коррупционных рисков
Простота получения госуслуг - снижение коррупционных рисков
Одним из ключевых направлений государственной политики Республики Казахстан является борьба с коррупцией. Общеизвестно, что коррупция разрушает доверие общества к государству, снижает эффективность государственной власти, серьезно препятствуя социально-экономическому и духовному прогрессу.
В целях снижения коррупционного риска при оказании государственных услуг, наибольший акцент в работе государственных органов уделяется увеличению электронных услуг, так как исключается необходимость посещения государственных органов и вместе с этим сокращается количество личных контактов работников государственных органов с услугополучателем.
На данное время автоматизировано 30 видов государственных услуг органов государственных доходов, что составляет 68% от общего количества услуг налогового и таможенного характера, включенных в Реестр государственных услуг.
Налогоплательщик может свободно получить государственные услуги в электронном виде через веб-портал «электронного правительства, через «Кабинет налогоплательщика», посредством «Е-лицензирование».
Посредством веб-портала «электронного правительства» возможно получение 25 услуг, из них: 18 налоговых услуг и 7 таможенных услуг. С августа месяца 2018 года через веб-портал «электронного правительства» появилась возможность онлайн оплаты всех налогов и платежей в бюджет, без необходимости авторизации и подписания электронной цифровой подписью. Тогда как ранее данный доступ был для уплаты лишь трех видов налогов для физических лиц: налог на имущество, налог на транспортные средства, земельный налог.
В результате проведенной автоматизации государственных услуг, удельный вес электронных услуг органов государственных доходов Северо-Казахстанской области в текущем году составил 93,5%. Следует отметить, что удельный вес электронных услуг постоянно увеличивается, так в сравнении с 2017 годом его рост достигнут на 3,3%, в сравнении с 2016 годом - рост на 5,1%.
В том числе по наиболее востребованной государственной услуге «Прием налоговой отчетности» удельный вес ее оказания в электронном виде составляет по области - 99,8%, что на 0,1% выше уровня прошлого года.
Следует отметить, что обработка форм налоговой отчетности, налоговых заявлений, представляемых в электронном виде, полностью автоматизирована, и не требует участия работника.
В целях обеспечения доступности государственных услуг по принципу «одного окна», проведена передача функции приема заявлений по 25 видам услуг органов государственных доходов в Некоммерческое акционерное общество «Государственная корпорация «Правительство для граждан», т.е. ЦОН. Возможность получения услуги через ЦОН исключает контакт налогоплательщика с работником органов государственных доходов.
Также упрощен порядок получения государственных услуг через проводимый пилотный проект по экстерриториальному принципу. То есть реализована возможность получения 14 видов услуг в любом органе государственных доходов без привязки к регистрационному учету налогоплательщика. При этом если в начале 2016 года пилот распространялся лишь на территорию 3 областей, то с октября текущего года уже действует на территории всей Республики. С начала действия данного пилота более 2 тысяч налогоплательщиков области воспользовались данной возможностью.
С целью исключения административных барьеров во всех 14 Центрах оказания услуг территориальных органов государственных доходов области внедрено безбарьерное обслуживание населения. В Центрах имеются книги и ящики для обращений граждан, размещена разъяснительная информация на стендах, имеются буклеты по вопросам противодействия коррупции, а также указаны «телефоны доверия».
В текущем году Центрами области было обслужено более 26 тысяч услугополучателей, что на 11 тысяч меньше соответствующего периода прошлого года.
Снижение количества обращений в Центры оказания услуг, и вместе с этим сокращение количества контактов работника с налогоплательщиком, также связано с проводимой работой по оптимизации процессов оказания услуг, исключения дублирующих процедур. Так, в связи с вступлением новых норм Налогового кодекса исключена необходимость явки налогоплательщиков для постановки и снятия с регистрационного учета по месту нахождения объектов налогообложения, упрощена процедура постановки на регистрационный учет по НДС, которая ранее представлялась только на бумаге и т.д.
Для сокращения временных потерь услугополучателей в двух крупных Центрах области: УГД по г. Петропавловск и Таможенном посту «Петропавловск - Центр таможенного оформления», установлены усовершенствованные Электронные системы управления очередью, которые позволяют постоянно контролировать состояние очередей, оперативно регулировать их поток и определять качество представленного сервиса услуг.
Внесенные в законодательном порядке изменения по сокращению сроков оказания государственных услуг, исключают необходимость поиска налогоплательщиком возможности ускоренного получения услуги. Так, начиная с текущего года выписку из лицевого счета теперь можно получить в течение 1 дня, вместо ранее 2-х дней, сертификат резидентства в течение 10 дней, ранее было 15 дней, зарегистрировать или снять с учета контрольно-кассовую машину - 3 дня, ранее было 5 дней, вернуть излишне уплаченную сумму налога - 10 рабочих дней, ранее было 15, и т.д.
Особое значение имеет упрощение получения государственной услуги «Таможенная очистка товаров». Внедрение ИС «Астана - 1» упрощает проведение таможенных процедур, создает возможность электронного декларирования, сокращает количество требуемых документов для экспорта и импорта, а также время их обработки. Реализация автоматической регистрации декларации и автоматического выпуска товаров, позволяет минимизировать контакт работника с услугополучателем, что положительно влияет на снижение коррупционных рисков.
Работа по оптимизации и упрощению процедур оказания государственных услуг, вместе с этим работа по автоматизации услуг, по сокращению сроков оказания государственных услуг, сокращению количества представляемых документов, перевода на уведомительный порядок, передачи функции в аутсорсинг продолжается. Так, с 2019 года планируется сокращение сроков получения услуг по лицензированию деятельности, по исключению из реестра услуг по выдаче учетно-контрольных марок на алкогольную продукцию и акцизных марок на табачные изделия в связи с передачей в РГП «Банкнотная фабрика Национального банка Республики Казахстан» и т.д.
В целях повышения антикоррупционной культуры и воспитания «нулевой» терпимости к коррупционным проявлениям, в органах государственных доходов области на систематической основе проводятся разъяснительные мероприятия с работниками, оказывающими государственные услуги.
Все проводимые мероприятия позволят достичь дальнейших положительных результатов в антикоррупционной работе органов государственных доходов.
Управление госуслуг ДГД по СКО
Октябрь 2018г.
Мемлекеттік қызметтерді алу жеңілдігі - жемқорлық тәуекелдердің азаюы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық қауымның мемлекетке деген сенімін бұзатыны, әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне елеулі түрде кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендететіні баршаға мәлім. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуде сыбайлас жемқорлық қаупін азайту мақсатында мемлекеттік органдардың жұмысында электрондық қызметтерді көбейтуге көп көңіл бөлінеді, өйткені мемлекеттік органдарға бару қажеттілігі жойылады және сонымен қатар мемлекеттік орган қызметкерлері мен қызмет алушы арасындағы жеке байланыстардың санын азайтады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарының 30-ға жуық мемлекеттік қызметтері автоматтандырылды, бұл Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілген салық және кедендік сипаттағы қызметтердің жалпы санының 68% -ін құрайды.
Салық төлеуші электронды түрде «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы «E-лицензиялау» көмегімен «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті еркін ала алады.
Электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы 25 қызметті алуға болады, оның ішінде: 18 салық қызметі және 7 кеден қызметі. 2018 жылдың тамыз айынан бастап «электронды үкімет» веб-порталы арқылы электронды сандық қолтаңбамен қол қоюдың және авторландырудың қажетінсіз барлық салықтар мен төлемдерді бюджетке онлайн төлеу мүмкіндігі туындады. Бұған дейін бұл мүмкіндік жеке тұлғалар үшін салықтың тек үш түріне: мүлікке салынатын салық, көлік салығы, жер салығы төлемі үшін ғана болған.
Мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер органдарының электронды қызметтерінің меншікті салмағы ағымдағы жылы 93,5% -ті құрады. Электрондық қызметтердің меншікті салмағы үнемі артып келе жатқанын айта кету керек, 2017 жылмен салыстырғанда оның өсімі 3,3% -ке жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 5,1 % -ке артты.
Соның ішінде ең көп талап етілетін «Салық есептілігін қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша оны электронды түрде беру меншікті салмағы облыс бойынша - 99,8% -ті құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 0,1%-ке жоғары.
Салық есептілігінің формаларын, электронды түрде ұсынылатын салықтық есептілікті өңдеу толық автоматтандырылғанын және қызметкерлердің қатысуын талап етпейтінін атап өткен жөн.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің «бір терезе» принципі бойынша қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік кірістер органдарының 25 қызмет түрі бойынша өтініш қабылдау функциясын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына, яғни ХҚКО-ға беру жүргізілді. ХҚКО арқылы қызмет алу мүмкіндігі салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерімен байланысын жояды.
Сондай-ақ эксаумақтылық қағидасы бойынша жүргізілген пилоттық жоба арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жеңілдетілді. Яғни, салық төлеушінің тіркеу есептеріне қоспай-ақ кез-келген мемлекеттік кірістер органында 14 қызмет түрін алу мүмкіндігі жүзеге асырылды. Сонымен бірге, 2016 жылдың басында пилот 3 аймақтың аумағына ғана таралса, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Республика бойынша барлық аймақта жұмыс істейді. Осы пилоттың әрекет етуінен бастап облыстың 2 мыңнан астам салық төлеушілері осы мүмкіндікті пайдаланды.
Әкімшілік кедергілерді жою мақсатында облыстың мемлекеттік кірістер органдарының барлық 14 қызмет көрсету орталығында халыққа кедергісіз қызмет көрсету енгізілді. Орталықта азаматтардың өтініштері үшін кітаптар мен жәшіктер бар, стендтерде түсіндірме ақпарат орналастырылған, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы буклеттер бар, сондай-ақ «сенім телефондары» көрсетілген.
Ағымдағы жылы облыс Орталығы 26 мыңнан астам қызмет алушыларға қызмет көрсетті, бұл өткен жылғы тиісті кезеңнен 11 мыңға аз.
Қызмет көрсету орталықтарына өтініш санының қысқаруы және онымен қатар қызметкерлердің салық төлеушімен қарым-қатынастарының азаюы, сондай-ақ қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және қайталанатын рәсімдерді жою бойынша жасалатын жұмыстармен байланысты. Солай, Салық кодексінің жаңа нормаларын енгізуге байланысты салық төлеушілерге салық салынатын объектілердің орналасқан жерінде тіркеу есебіне тұруға және шығу үшін келу қажеттілігі алынып тасталды, бұрын тек қағазда ғана ұсынылатын ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою рәсімі жеңілдетілді және т.б.
Қызмет алушылардың уақытын жоғалтуды азайту үшін облыстың екі ірі Орталықтарында: Петропавл қ. бойынша МКБ мен «Петропавл- Кедендік ресімдеу орталығы» кеден бекетінде жетілдірілген Кезектілікті басқарудың электрондық жүйесі орнатылған, ол кезек жағдайын үнемі қадағалауға, олардың ағынын жедел реттеуге және ұсынылған қызмет көрсету сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту бойынша заңнамалық тәртіппен енгізілген өзгертулер салық төлеушінің жедел қызмет алу мүмкіндіктерін іздеу қажеттілігін жояды.
Солай, ағымдағы жылдан бастап жеке шоттан үзінді көшірмені бұрын 2 күнде болса, қазір 1 күннің ішінде алуға болады, резиденттің сертификаты 10 күн ішінде, бұрын 15 күн болатын, бақылау-кассалық машинаны тіркеуге немесе алып тастау - 3 күн, бұрын 5 күн болатын, артық төленген салық сомасын қайтару - 10 жұмыс күні, бұрын 15 күн болды және т.б.
«Тауарларды кедендік тазалау» мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдетуге ерекше мән беріледі. «Астана-1» АЖ-ны енгізу кедендік рәсімдерді өткізуді жеңілдетеді, электронды декларациялауға мүмкіндік береді, экспорттау және импортқа қажетті құжаттардың санын, сондай-ақ оларды өңдеу уақытын қысқартады. Декларацияларды автоматты түрде тіркеу және тауарларды автоматты түрде шығаруды қамтамасыз ету қызметкер мен қызмет алушының байланысын барынша азайтуға мүмкіндік береді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге оң әсерін тигізеді.
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну процедураларын оңтайландыру және жеңілдету бойынша жұмыстар, осымен бірге қызметтерді автоматтандыру бойынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті уақытты қысқарту, ұсынылатын құжаттардың санын азайту, хабарландыру рәсіміне көшу және функцияларын аутсорсингке беру жұмыстары жалғасуда.
Осылайша, 2019 жылдан бастап қызметті лицензиялау, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкнот фабрикасы» РММ беруге байланысты темекі өнімдеріне акциз маркаларын және алкогольдік сусындарына есепке алу- бақылау таңбаларын беру және т.б. бойынша қызмет тізілімінен шығару бойынша қызмет алу мерзімін қысқарту жоспарланып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін арттыру және жемқорлыққа қарсы «нөлдік» төзімділікті тәрбиелеу мақсатында облыстың мемлекеттік кірістер органдарында жүйелі негізде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Барлық өткізілетін іс-шаралар мемлекеттік кірістер органдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысында одан әрі оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
МКД мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын бақылау бөлімі
2018 жылғы қазан