Елбасының Жолдауы – Ел болашағының бағыт-бағдары

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 29.03.2017 21:15 Фото: zakon.kz

 Елбасының Жолдауы - Ел болашағының бағыт-бағдары

 

 Тәуелсіздік алғаннан кейін ұстанған сарабдал саясатының арқасында Қазақстан Орта Азияның көшбасшысына айналды. Даму даңғылының қазақстандық моделінің көмегімен еліміз посткеңестік елдерден оқ бойы озғаны ақиқат. Елбасының әр жылғы Жолдауы осы жетістіктердің кепілі. Ұлт көшбасшысы Жолдауында өзге салалармен қатар, сот жүйесін де мінсіз дәрежеге көтеру көзделген. Себебі, әділдік барда ынтымақтың іргесі беки түседі.

 

Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы, жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы - Қазақстан халқының одан әрі дамуының даңғыл жолы, егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, мемлекетіміздің барлық саласына тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған шын мәніндегі тарихи құжат. Маңызды құжаттың бес иституционалдық реформасының екінші бөлігі тұтастай заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, құқық саласындағы, әсіресе оның өзегі - сот төрелігі жүйесіндегі жұмыстардың жүйелі атқарылуына жіті назар аударып отыр. Сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету - бұл құқықтық мемлекет құрудағы басты бағытымызды бағамдап,адамның негізгі құқықтарымен бостандықтарын сақтаудың кепілі. Сот пен судьяның тәуелсіздігі бұл мемлекеттің басым бағыттарының бірі.

Қазақстанның сот жүйесі Тәуелсіздік жылдарынан бері терең реформаларды бастан өткеріп келеді. Бүгінгі таңда елімізде сот жүйесінің өзіндік заңдық базасы қалыптасты. Әділ сот жүйесінің жұмысы әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, соттың тәуелсіздігін кепілдендіретін құқықтық тетіктер енгізілуде. Судьялардың жұмысына заңнан тыс кез-келген ықпалды жою маңызды басым бағыттарының тағы бір айқын көрінісі.

 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Әбдразақұлы Судьялар Одағының кезектен тыс VII съезінде баяндағандай, Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырының алғашқы жылдарынан бері бұқара халықтың сотқа деген сенімі жыл сайын артып келеді. Оған дәлел, тоқсаныншы жылдары республика соттарының жалпы қаралған істері бар болғаны 300 мыңға жуық болса, 2016 жылы 1 миллионан астам іс қаралды. Сонымен қатар, Тәуелсіз елімізде 1992 жылы 693 судья қызмет етсе, жоғарыда айтқандай сотқа түсетін істердің еселеп өсуіне байланысты судьялар саны бүгінгі таңда 2600 - ден асып отыр. Яғни бүгінгі таңда сот жүйесі заман талабына сай жанданып, Елбасы мен мемлекет тарапынан сот аппараты мен судьялардың қалтқысыз қызмет атқаруына барлық жағдайлар жасалып, негізгі мәлелер оң шешімін тапты.

Елбасының салиқалы саясатының арқасында дамыған озық елдердің тәжірибиесін ұштастыра отырып, бұл тұрғыда түбегейлі өзгерістерге қол жеткіздік.

Жоғарыда атап өткеніміздей «Қазақстанның үшінші жаңғыруы; жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы жолдауы «Ұлт Жоспары-100 нақты қадам» бағдарламасының игілікке асуы,сот жүйесі мен басқа салаларды да өркендетуге тың серпін бермек. Бұқаралық кәсіпкерлікті дамытуда, Елбасы әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіріп, кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендетіп, қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылтуға тапсырма берді. Осы бағытта бизнес ортаны жақсарту мен кеңейту үшін ағымдағы жылы Жоғары Соттың «Салық заңнамасын қолдану бойынша сот практикасы туралы» жаңа нормативтік қаулылар қабылданбақ. Салық-бюджет саясатын жақсарту мақсатында мүліктік және көліктік салықтар бойынша салықтық қарыздарды өндіріп алу дауларды соттан тыс шешу тәртібі жүйеленбек. Салық органдарының бірқатар мәселелері бойынша салық бұйрығын шығарып, өз кезегінде сот орындаушысына тікелей жолдану практикасы пысықталмақ. Сонымен қатар «Салық және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер» мен «Кеден ісі туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге салық жинау және кеден ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына ұсынымдар әзірленбек.

Маңызды құжаттың тағы бір тоқтала кететін айрықша тұсы - ақпараттық техногияларды қолдану. Озық технологияларды енгізуде сот жүйесі жолбасшылық тізгінін бекем ұстап келеді. Бұл сот жүйесінің ашықтығын айшықтап, қарапайым халықтың қолжетімділігін арттыра түседі.

 Осы орайда сот «Сот кабинеті» сервисі сот жұмысын халыққа жақындата түсті. 2014 жылы іске қосылған сервис бүгін де ел игілігі үшін қызмет көрсетуде. Жеке және заңды тұлғалардың кез-келгені өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ онлайн режим арқылы электронды түрде талап арыздарды беруге, шағымдармен өтініш - хаттарды жолдауға, сондай-ақ, істің қаралу барысын бақылауға негізделген электрондық ақпараттық бағдарлама.

Жолдауда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру қамтамасыз етілуі керек екендігі айтылған. Мұндай жұмыстардың мемлекеттік биліктің сот тармағында біркелкі табысты жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Қазір сот процестерін қосымша уақыт пен қаражат шығындамай-ақ қашықтықтан бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу қалыпты құбылыс. Соңғы екі жылда жалпы қаралған істердің барлығы бейне жазба құрылғыларын қолдану арқылы қаралған. Нәтижесінде судьялардың қызметіне шағымдар азайып отыр. Мәселен қазіргі заманғы жетік технологияларды сот жүйесі саласында жетілдіру сот төрелігінің ашықтығын айшықтап, сот қызметі жұмысына қоғамның барлық мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Ұлы дала Ұлт Жоспарының жаңғыруы 20-шы қадамының орындалуы жолында Шығыс Қазақстан облысы соттарында дыбыс-бейне жазба құрылғыларының орнатылуы мен сот процестерінің заманауи технологиялармен жабдықталуы қарқынды жүзеге асып келеді. Жолдау талаптары бұл жұмыстарды одан әрі шыңдай түспек.

 Түйіндей айтсақ, Елбасының Жолдауы-Қазақстан үшін жаңғырудың Үшінші кезеңіне көшу арқылы жаһандық технологиялық бәсекелестікке ұмтылуға негізделеді. Ұлттың осындай міндеттерді орындауға әзірлігін пысықтайды. Президенттің сөзімен айтсақ, Үшінші жаңғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ.

Сондықтан да Мемлекеттің,халықтың біздерге артқан сенімін адал әрі кәсіби орындауға бар ынта-ықыласымызды,күш жігерімізді жұмсап аянбай еңбек ету басты борышымыз.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

сотының төрағасы

Д.ӘМІРОВ

 

 

zkadm
Поделиться новостью
Следите за новостями zakon.kz в:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: