Лента новостей
0

«Медиация – «даудың мұратына жетелейді»

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 16.03.2018 17:22 Фото: zakon.kz

 «Медиация - «даудың мұратына жетелейді»

 

Медиация (ағылшын mediation - делдалдық) мағынасы бойынша мүдделі емес үшінші жақтың екі тараптың арасындағы дауды шешуге бағытталған қызметін білдіреді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау-дамайларды азайту мәселесіне назар аударуды, соттан тыс реттеудің баламалы тетіктерін, соның ішінде бітімгершілік және медиация процедураларын енгізуді тапсырған болатын.

Осыған орай, 2011 жылдың 28 қаңтарында ҚР-ның «Медиация» туралы Заңы қабылданды. Аталған Заңға сәйкес Қазақстанда дауларды баламалы шешудің жаңа түрі - медиация енгізілді. Медиация - өзара қолайлы шешімге келу мақсатында медиатордың бейтарап жақ көмегімен тараптар арасында дауды (шиеленісті) реттеу тәртібі.

Медиациялық тәртіптің мақсаты - тараптардың шиеленіс деңгейін төмендету және даудың екі жақты да қанағаттандыратын шешіміне қол жеткізу. Медиацияның тараптары жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкін. Медиатор медиация тарабы болып табылмайды. Медиация сотқа дейінгі тәртіпте және азаматтық, еңбек, отбасы, басқа кұқықтық қатынастардан туындайтын дауларда, жеңіл және орташа ауыр қылмыс туралы істер бойынша қылмыстық іс барысында қарастырылатын дауларда қолданылады.

Медиатор басшылыққа алатын негіз болатын 5 қағидамен ерекшеленеді - еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі және бейтараптығы, медиация рәсіміне араласуға жол берілмеуі, құпиялылық.

Медиацияның артықшылықтары: тараптар уақытын үнемдейді, себебі, сот рәсіміне қарағанда бұл рәсім әлдеқайда қысқалау; мемлекеттік баж салығы төленбейді және адвокаттың қымбат тұратын қызметі керек емес.

Жоғары білімі бар, жасы 25-тен асқан, 2011 жылғы 3 шілдедегі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген ережелерге сәйкес келетін медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша оқыған тұлға кәсіби медиатор бола алады. Ол кәсіби медиаторлардың реестрінде тіркелуі тиіс. Жасы қырыққа жеткен және кәсіби емес медиаторлар реестрінде тіркелген тұлға кәсіби емес медиатор бола алады.

Қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар қол жеткізген дау-шарды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы жолымен дау-шарды реттеу туралы келісімді білдіреді.

Дегенмен медиатордың көмегіне жүгінушілер әлі де аз, мүмкін халыққа заңды түсіндіру жұмыстарын әлі де жетілдіру керек шығар. Сондықтан, елдегі медиация институтының дамуына мемлекеттік билік органдары барынша қолдау көрсетіп, институттың кең құлаш жаюына ықпал етуі қажет. Өйткені медиацияның біздің елімізде болашағы зор. Оны бірдеңгейде қолдасақ, медиация халқымызға игі әсерін тигізеді.

 

 Ақтөбе қаласының №2 сотының

судьясы Ерлан Бақытжан

 

 

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: